05 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №113 2016 жылғы 25 ақпан, Астана, Үкімет Үйі

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің  күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы №113 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 645-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 37-тармағы (Қазақстан Республикасының ГГҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат). 3. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1306 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 70, 922-құжат).